Балалар қылмысы – қоғамға сын

Ағымдағы жылы 5 қазанда өткен республикалық педагогтар съезінде балалар қылмысының өсуінің теріс үрдісінің болуына байланысты, Президент оқушылар арасында қылмыстық психологияның таралуын жоюды, жоғары сынып оқушыларының тарапынан оқушыларды қорлауды, сондай-ақ мек­тептерде бопсалауды тоқтатуды тапсырды.

 Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жағдайы Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Жолдауында жеке блокпен ерекшеленді.

Осы бағытта, Махамбет ауданы көлемінде ағымдағы жылғы 26 қазаннан 2 қараша күндері аралығында республикалық «Мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, нұсқау талаптарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудан мектептерінде құқықтық тақырыпта кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қару мен пышақтау- кесу заттарын алып жүру фактілерін анықтауға, алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын және т.б. заттарды тұтынатын кәмелетке толмағандарды анықтауға бағытталған жұмыстары жүргізілді. Махамбет ауданы орталығында орналасқан орта білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен олардың қауіпсіздігі» тақырыбында жалпы құқықтық оқыту өтті. Жиында Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Расулиев Дастанбек Қисметұлы кіріспе сөз сөйлеп, аудан бойынша жасөспірімдер құқықбұзушылығы туралы түсінік берді. Арнайы лед- экран арқылы «Мектеп ішіндегі боуллинг», «Электро- көліктерді жүргізу ережелері», «Интернет-алаяқтық» және «Кәмелетке толмағандардың алкогольдік өнімдер мен темекі бұйымдарын тұтыну, сатып алу» туралы ақпараттық бейнероликтер көрсетіліп, толық ақпарат берілді. Патрульдік полиция нарядтарын па­трульдеу маршруттарын жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтауға бағдарлай отырып, оқу орындарына іргелес жатқан аумақтарға барынша жақындатылды.

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында по­лиция бөлімі күшейтілген бағытта өз қызметтерін жалғастырады.

Ж.ДІЛМАҒАМБЕТОВА,

жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының

кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521