Бақсайдағы берекелі істер

Жуырда елорда төрінде өткен ауыл әкімдерінің диалог платформасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ауыл-аймақтың дамуына бөлінген бюджет қаражатының тиімді игеріле бастағанын айтқан болатын. Ол өз сөзінде: «Жыл өткен сайын ауылдардың әлеуеті артып келеді. Өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі жоғары ауылдардың саны көбейе түсті. Алдымызда биік мақсаттар тұр: біз ауылдағы жағдайды жақсартып, жұмысты күшейтуіміз керек», - деген болатын. Президент атап өткендей, әлеуеті артқан ауылдар қатарында Бақсай ауылдық округі де бар десек қателеспейміз. Себебі мұнда соңғы жылдары ауылдың ажарын айшықтар айтулы өзгерістер орын алуда.

Аудан орталығынан 17 шақырым жерде орналасқан ауылдық округте бүгінде 400 үйде 2805 халық тұрады. Өткен жылдарға шегініс жасамай-ақ, биылғы жылдың өзінде ауылдық округте атқарылған жұмыстар аз емес. Жуырда 6,1 шақырым болатын ауылішілік жол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар 3,1 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы салынды. Көздіқара елді мекеніне дейінгі 14 шақырым және Есмахан елді мекеніне дейінгі 5 шақырым болатын кірме жол салуға жер актілері алынды. Аталған екі елді мекенге таза су желісі тартылып, су тарату мұнарасы ор¬натылып, тұрғындарға үздіксіз таза су беріліп отыр. Ауылдық округтегі 11,2 шақырым болатын жазғы су желісін пластик тұрбаға ауыстыруға жобалау сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Алдағы жылы қаражат бөліп, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құжаттары аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолданып отыр. 
- Ауылдың кіреберісіне және М.Есенбаев көшесіндегі «Райхан гүлі» бөбекжай- бақшасының тұсынан жол кедергісі белгісі орнатылды. Сонымен қатар Жаңа ауыл, А.Иманов, Құрманғазы, Бақсай, А.Мұңайтпасов, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Бала Ораз, Иса¬тай, Н.Жантөрин көшелеріне жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты асырмау сияқты жол белгілері орнатылды. Жаңадан ағаш отырғызуға дайындалған көк белдеу алаңына 290 дана қара ағаш отырғызылды. 
Көше жарығы жүргізілмеген 8 көшеге көше шамдарын жүргізу үшін демеушілер арқылы жобалау сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Келесі жылы қаражат бөлінсе, құрылыс жұмыстары басталатын болады. 45 шақырым бо¬латын «Ащысай» каналының жер актісі тұрақты пайдалануға алынды. Аумағы 100,0 гектар бола¬тын алаңының жер актісін алу үшін құжаттары жасақталуда. Ескі шеберхана ғимараты бұзылып, орны тазаланып, жері ауылдық округтің босалқы жерлер қорына алынды. Тасқын судан қорғау үшін соғылған бөгеттің құжаттары жасақталып, жер актісі алынды. Сонымен бірге Көздіқара, Есмахан, Томан елді мекендеріндегі бөгеттің де құжаттары жасақталуда. Таңдай ауылдық мәдениет үйін жаңадан салуға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне сұраныс хат жолданды, - дейді ауылдық округ әкімі Ермұрат Сұлтанов. Биыл округте 400-ге жуық ауыл баласының спортпен айналысуына мүмкіндік беретін жабық спорт кешені пайдалануға берілді. Сонымен қатар балалар ойын алаңы күрделі жөндеуден және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңы жай жөндеуден өткізіліп отыр. Ауыл маңындағы аумағы 2,5 гектар болатын қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орынның айналасы тұгелдей жаңартылып, қоршалды. Ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын туғызған апаттық жағдайдағы Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің орнына жаңа мек¬теп салу үшін жері анықталып, актісі алынғанын білдік. Қазіргі уақытта демеушілік арқылы жо¬балау сметалық құжаттамасы жасақталуда. Көп ұзамай заман талабына сай жаңа білім ордасы бой көтерсе, ауылдың келешегі кемеледене түсері сөзсіз. 


Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT