Бақсай ауылдық округінде ілкімді істермен қатар іркілістер де бар

Округ әкімі Батырбек Салыхов алдымен өткен жылғы есеп беру жиы­нында айтылған сын-ескертпелерге тоқталды.

Ең алдымен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 2145,0 мың теңгеге Қ.Мұңатпасов, Абай көшелеріне 20 дана түнгі көше шамдары орнатылып, пайдалануға берілгенін, Есмахан елді мекеніне жазғы су құбырын тарту үшін 4-ші бюджет қаражатының еркін қалдығынан бөлінген 5798,0 мың теңгеге жазғы су желілері барлық үйлеріне жүргізілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, тұрғын үй салуға арналған жерлердің инфрақұрылымы жасақталып, келіп түскен 217 тұрғынның арызы қанағаттандырылғанын айтты.

b7657b7f-f2c8-47f5-953a-4deb3f7081d3

2020 жылы Есмахан, Көздіқара елді мекендеріндегі тұрғын үйлерге табиғи газ жүргізілуі игілікті істердің бірі болған еді. Бүгінде Таңдай тұрғындары Жалғансайдан келетін таза су құбырын пайдаланады. Ауыл азаматтарының күшімен, «Ж.Қуатов» ШҚ демеушілігімен таза суды кідіріссіз жүргізудің мүмкіндігі туған. Тұрғындардың бау-бақша, көгалдандыру жұмыстары үшін жазғы су айдау жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп, үстіміздегі жылы Таңдай ауылында осы жазғы су құбырларының көлемін 2 шақырымға дейін ұлғайту көзделіп отырған көрінеді. Жергілікті салықтан түскен еркін қалдықтан 9 млн теңге қаражат жұмсап, 2 км жазғы су желісі көк белдеуді қамтамасыз ететін болады. Өткен жылы Таңдай орта мектебін бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер кіші аяқдоп алаңын салып бергенін білеміз. Ал 1981 жылы туған мектеп түлектері Жеңіс күніне орай тыл ардагерлерінің үйлерін аралап, сый- сияпаттарын жасап, ауылға кіреберіс жолдың қарсы бетінен үшінші жасыл белдеу мен дема­лыс орнын салуды жоспарлапты.

75259dc1-bbb1-4098-9457-356852999174

Бақсай ауылының №19 үйде тұратын ауыл тұрғыны Б.Мұхамбетов өз үйіне тіркеуге отыра алмай жүргенін, ХҚКО мамандары 2008 жылы берілген үй кітапшасының күшін жойғанын айтып, тіркемей отырғанын баяндады. Екінші мәселесінде «АтырауГазАймақ» мекемесінің мамандары газ есептегішін ауыстыруды талап еткенін, құны 12 мың теңге тұратын есептегіш құралды өзі сатып әкелсе де, тағы 4500 теңге төлеуді сұрап отырғанына келіспейтінін мәлімдеді. Жиынға қатысқан аудан әкімі есеп беру жиынынан соң аталған мәселені анықтап, шешімін табуға жұмыстанатынын жеткізді. Ауыл тұрғындары Н.Есенғалиев ауылішілік жолдар қашан жөнделетінін сұраса, А.Қуатов жаңа мөлтек ауданға жарық жүргізілсе де, су жоқтығын жеткізіп, А.Құбашева ауыз судың бағасын төмендетуге болмай ма? деген сауал­дарын жолдады. Тұрғындар сұрағына жауап берген аудан басшысы «АтырауСуАрнасына» ұсыныс бергенін, су есептегіш орнатуды қолға алу керектігін қаперледі. Кәсіпкер Ж.Биғалиев қымбатшылық халыққа қиын тиіп жатқанын, сондықтан күнделікті тұтынатын азық-түліктің, 14 мың теңгеге шарықтап кеткен шөп бағасын да түсіру қажеттігін айтты. Ауыл тұрғыны Г. Мырзағалиева үш ай сайын екпе алатынын, алайда ауылдағы ем-шара бөлмесін қысқартып тастағанын, халық сұранысына орай ем-шара бөлмесі қайта жасақталса деген ұсынысын білдірді. Оған аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Төлеген ауылдық емхана ішінде ем-шарадан бөлек үш төсектік күндізгі ста­ционар барын, жалпы ем-шара бөлмесі сенбі сағат күні 12.00-ге дейін жұмыс жасайты­нын жеткізді. Ауыл тұрғыны С.Құбашев Қ.Сатпаев көшесі жарықтандырылатынын сұрады. Аудан әкімі округте «Өңірлерді да­мыту» бағдарламасына сай көше жарығы жүргізілетінін қаперледі. «Ауыз су соңғы кездері лайланған, су қондырғысынан су сынамасы алына ма»? деген тұрғын сауалына аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Ажигалиева су та­зарту қондырғысының бәрі жеке кәсіпкерлікте екенін, су сынамасын алып, нәтижесін хабар­лайтынын айтты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT