Б.ӘМІРҰЛЫ: «Ауылға шын жанашыр әкім керек»

Ауыл шаруашылығын дамыту, ауылды көтеру, ауыл әкімдерін тұрғындардың өздері сайлауын іске асыру бүгінгі күні күн тәртбіндегі өзекті мәселе ретінде айтылып келеді.

Совхоздар жойылған кездерден бергі кезеңдерде егін салу, мал бағу түгелге жуық тоқтады деуге болады, тоқырауға ұшырадық. Сол кезде құрылған шаруа қожалықтарының көбі шаруасын шалқыта алмай келеді. Егін салатын жерлер тың жерге айналды. Совхоздың қыстақтағы мал жайылым жерлері иесіз қалды. Ал, ауыл айналасындағы, канал бойындағы жерлер танымайтын мал баққан қожалықтарға толды. Оларға бара қалсаң адамдары не қазақша, не орысша сөйлемейді, адамдарға жақындамайды. Ешкіммен қарым-қатынас жасамайтын адамдар. Шаруа қожалығының иелері де ешкімге көрінбейді. Олар ауылдың малдарын қуып, «төр менікі» деген сыңай көрсетеді. Осындай себептерден өткен жылы ауылдың 70-ке жуық ірі-қара малдары қолды болды. Бұл мәселелерге аудандық құқық қорғау органдары дәрменсіздік көрсетуде. 

Ауыл әкімдерінің, ауыл тұрғындарының ең бірінші міндеті-ауыл тұрғындарының талап-тілектерін орындау болса, ауыл тұрғындарының малдарын бақтыруына көңіл бөлу керек. Бұған аудан басшыларының да, ауыл тұрғындарының көмегі керек-ақ. Болашақта елімізде жүзеге асатын реформаларды ескерсек, ауыл адамдарының жағдайы оңалар деген үміттеміз.

Жалпы, ауыл шаруашылығын көтеру үшін жоғарыдан реформа қажет. Жұмыс орындарын ашу, оған адамдарды жұмылдыру оңай шаруа емес. Сондықтан, ауыл әкімін сайларда шаруашылықтың жайын үйлестіре білетін, ауылға шын жаны ашитын азаматтардың ұсынылуы қажет деп есептеймін.

Базар ӘМІРҰЛЫ,

зейнеткер Алға ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT