Алғалықтар баспасөзге жазылу кезеңін алғашқы болып орындады

Газет-журналға жазылу науқаны – ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастырушылық қабілеті сыналатын шағы. Бұл кезеңде әр ауылға берілетін жоспарды орындап, межеден шығу үлкен еңбекті талап етеді. Осы орайда биылдан бастап баспасөзге жазылу кезінде белсенділік танытқан ауыл әкімдері мен қызметкерлерінің еңбегін баспасөз бетінде жариялап, алғыс білдіруді қолға алғалы отырмыз.

2021 жылға баспасөзге жазылу науқаны кезінде,аудандық газеттің жазылу жоспарын Алға ауылдық округі алғашқы болып орындап, белгіленген межеден шығып үлгерді. Жоспар бойынша берілген 160 газеттің 150 балама жазылу арқылы, 10 Қазпошта бөлімшесі арқылы орындады.

Бұл, әрине, Алға ауылдық округінің әкімі Расул Мусин мен баспасөзге жазылу науқанына жауапты мамандардың тынымсыз да нәтижелі еңбегінің көрінісі екені анық. Үнемі редакциямен байланысып отыратын тұрақты авторымыз Базар Әмірұлы мен Алғада туып-өскен, қазір Атырау қаласында тұратын, бірақ туған жердің тарихы туралы аудандық басылымға жиі мақала жазып, осынысымен ауыл тұрғындарын газет оқуға қызықтыра алған Сәтқали Әуелбаев ағаларымыздың да үлесі бар деп білеміз.

Ауыз біршілігі жарасқан алғалықтарға және жұмысты жүйелі ұйымдастыра білген округ әкімі Расул Мусинге алғысымызды білдіреміз.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT