Махамбет ауданында өртке қарсы дабылқаққыштар орнатылуда

Халық арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша өткізіліп жатқан үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарына қарамастан, жылу маусымы басталысымен-ақ адамдардың тұрғын үй секторында улы және табиғи газбен улану фактілері көбейеді.

3e572c2b-b0db-4356-a389-e71ca576c966

Көбіне оған пәтер иелерінің қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп. Жауапты сала мамандарының сөзінше, қайғылы оқиғалардың көпшілігі тұрмысы төмен отбасылар тұратын үйлерде тіркеледі. Осыған орай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері халықтың қорғалмаған тобының үйлеріне (көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, зейнеткерлер) көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнату жұмыстарын жүргізді. Махамбет ауданы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған шара «Вест Дала» ЖШС-нің демеушілігімен жүзеге асып отыр. Бүгінгі таңда ауданға келген 71 дана «СИКЗ-20» маркалы дабылқаққыш құрылғыларын орнату басталды. «Сақтықта қорлық жоқ» қағидасына сүйенсек, бұл «ақыл тетіктер» – адам өміріне араша болуға таптырмас құрылғы.

bae82a04-7824-460c-a950-1b7260640ec1

– Жыл басынан бері облысымызда тұрмыстық газ жарылысы екі рет орын алды. Тұрмыстық газ адам үшін пайдалы ғана емес, сонымен бірге қауіптің жоғары көзі болып табылады. Күнделікті өмірде табиғи газдың екі түрі қолданылады – үйлерге құбырлар арқылы кіретін негізгі газ және баллондарда сұйытылған газ. Газдың ағуы улану немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. Тұрғын үйлерде орын алатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында дабылққаққыш құрылғыларын орнату жұмыстары өз жалғасын табатын болады. Аудан тұрғындарын газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, төтенше жағдайларды болдырмауға шақырамыз,-дейді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Р.Жақсылықұлы.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT