Қазақты құртқан домалақ арыз

Аудандық мұражайда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты «Тарихтағы ұмытылмас қасірет» еске алу кеші ұйымдастырылды. Оған жазықсыз жапа шеккен боздақтар-Құбайдолла Исатаев, Мырзабек Боранқұлов, Нарзолла Рүстемов, Әмірғали Қапанов, Өтеміс Ізболов, Қайрекеш Кенжалиевтің ұрпақтары шақырылды.

Кеш сол кездің оқиғасын суреттейтін Ж.Ерманның «Ақыл мен ажал» поэмасынан көрініс көрсетуімен ашылды. Ол Алаш ардақтысы, жазушы, ақын С.Сейфуллиннің абақтыдағы өмірі, тергелу сәтінен бастау алды. Еске алу кешін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аруев ашып, еліміздің тұңғыш Президенті , Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жарияланғанын, өткенін ұмытқан елдің болашағы жоқ екенін айтты.

«Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет» бейнеролигінен соң кітапханашы А.Аманғалиева «Халқы ұлықтаған ұлы тұлғалар» кітап көрмесін таныстырды. Саяси қуғын-сүргін ұрпақтары атынан Әмірғали Қапановтың ұрпағы -Демеу Әмірғалиев,Құбайдолла Истаевтың ұрпағы- Әділбек Исатаев,Нарзолла Рүстемовтің ұрпағы- Бағытжан Қабдешов, Қайрекеш Кенжәлінің ұрпағы- Орынша Қайрекешова зұлмат жылдарының зардабы туралы әңгімелеп,ондай ауыр кезеңдер енді қайталанбауын тіледі. Өтеміс Ізболовтың ұрпағы- Махамбет Избулов қазақты құртқан бірін-бірі көре алмаушылық, бірінің үстінен бірі домалақ арыз жазушылық екенін айтты.

Кітапхананың байырғы оқырманы Қазбек ағай бұл халық басынан өткен ауыр кезең, бүкіл елдің басынан өткен нәубетте ана-баласынан, әкесінен, бауырынан ажырап қалғанын, тіпті қазақты ұлтынан айырып, тәжік, өзбек қылып жіберген жайттар кездескенін, өткенді білмей, болашақты жоспарлау мүмкін еместігін, кеңес одағы кезінде 15 республика ішінде ең жапа шеккені-Қазақстан мен Украина, репрессияға ұшырап, атылған, айдалған, аштан өлген, шетел асқан қазақтар екенін мысалдар келтіре отырып баяндады. Кеш қорытындыланып, меймандарға сый-сияпаттар тапсырылды.

А.Қуанышқалиева. Еске алу кешінен бейнежазбаның үзіндісін төмендегі батырманы басу арқылы көре аласыздар

https://youtu.be/jL7VJgJLXb0

https://youtu.be/XUtwaeHdZsw

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521