Егіс көлемі ұлғаюда

«Не ексең-соны орарсың» дегендей, берекелі күздегі мол өнімнің негізі көктемде қаланатыны белгілі.

Жалпы Махамбет-ауылшаруашылығы бағытындағы аудан болғандықтан сапалы егін өнімдеріне деген сұраныс та жоғары. Кейбір статистикалық деректерде аудан іргедегі қала халқына қажетті көкөніс, басқа да бау-бақша өнімдерінің үштен бір бөлігін, яғни 35 пайызын қамтитыны айтылады. Осыған орай, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы О.Мырзабаевтан көктемгі дала жұмыстарының жай-жапсары туралы мәлімет беруін сұрағанбыз.

- 2019 жылы алдын-ала болжам бойынша 97 шаруашылық жеке сектормен қоса есептегенде 550 га жерге картоп, 734 га жерге көкөніс, 300 га жерге бақша, көпжылдық шөптер 1000 га, бір жылдық шөптер 1200 га, 4 га жерге жылыжай, 6 га жерге жеміс ағаштары егілу жоспарланды. Барлық егіс көлемі 3794 га; (өткен жылмен салыстырғанда 100,5%-құрайды). 2018 жылдың қазан-қараша айларында 2400 га жер көлемі жыртылды.

Жаңа технологияларды енгізу және заманауи техникалармен қамту жұмыстары бағытында 2019 жылға тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып, егілетін егіс көлемі 1400 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіштер көктемгі-дала жұмыстары науқаны барысында ұлғаятын болады.

Алынатын өнімдерді сақтау үшін санитарлық талаптарға сай жабдықталған ауданның 7 шаруашылық құрылымындағы сыйымдылығы 3650 тонналық қоймалар дайын тұр.

Көктемгі-дала жұмыстарына 221 трактор, оның ішінде шынжыртабанды 79 дана техника, 25- дана соқа, плоскарез-16 дана, қопсытқыш-15 дана, дән аршушы-15 дана, тырма-15 дана, дән сепкіш-22 дана, бүріккіштер -23 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатынасуда.

Күні бүгінге 26 шаруашылықтан 513,4 тн аммиак селитрасы, 103,5 тн аммофос тыңайтқышына сұраныстар алынып, келісім шарттары жасақталып, шаруашылықтарға тыңайтықыштар жеткізілуде.

Ағымдағы жылы шаруашылық құрылымдарынан көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат көлеміне сұраныстар жинақталып, күні бүгінге «АгроФеликс» ШҚ-ғы 300 га жерге егістік жұмыстарын жүргізуіне байланысты фьючерстік келісім шарт негізінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 30 млн, теңге несие алып, егістік жұмыстарын жүргізуде.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521