Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 30 жыл

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Еліміздің тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп келе жатқанына 30 жыл.

Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің кемелдене түсіп, әлем жұртының алдында қарқынды дамуына Махамбет ауданы прокуратурасының қосқан үлесіде жетерлік. Махамбет аудандық прокуратурасы ауданда алғаш шаңырақ көтерген 1938 жылдан бастап жұмыс жасаған болатын. Қолда бар деректерге қарағанда, мұнда Халит Орақов, Бисенбі Бисенқұлов, Райхан Көшмұқанов, Сағидолла Баконов, Ысмағұл Тәпішов, Әліп Әбуов, Кеңесқали Ахметжанов, Ғизатолла Мұрсалиев, Қарымсақ Салықов, Аян Орақов, Бақытбек Қалмұратов, Аманжол Бекенбаев, Болат Қуантыров, Алмат Бақриденов, Алтынбек Жұмабековтер аудан прокуроры болды.

Аға ұрпақ өнегесіне адал ауданның бүгінгі прокурорлары да уақыт талабына сай жұмыс істеп, заңның үстемдік құруы үшін еңбек етіп келеді. Аудан көлемінде прокурорлық шараларымен 19 млн теңге нақты өндіріліп, 53 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылып, 12 мыңға жуық адамның құқықтары қорғалды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 баланың конституциялық құқықтары қорғалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса жəне азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, əлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. Азаматтардың мəселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз.

Ең бастысы – дұрыс жəне əділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын əзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек», - деген болатын. Президенттің Жолдауында айтылған Жаңа форматтағы қылмыстық процестің басты мақсаты – үш буынды моделі қалыптасты. Бұл модель арқылы азаматтардың құқықтарының дер кезінде қорғалуы қамтамасыз етілді. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған қызметі алдағы уақытта да тиісті деңгейде жүргізілетін болады. Еліміз өркендеп, тәуелсіздігіміздің таңы арайлы, айбыны асқақ болсын!

 

Махамбет ауданының прокуроры Н.О. Ешманов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521