Қазақ руханиятын жаңғыртудың жаңа дәуірі

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттық болмысымыздың өзіндік ерекшелігін, құндылықтарын айқындағаны ақиқат.

Еркін өскен азат елдің ұрпақтары үшін атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металл өңдеу жұмыстары адам мен табиғат байланысын бейнелейді. Алтын адам, Отырар, Түркістан қалалары, Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдақтың отаны болып саналатын ұлы даланың жеті қырын танып білу ерекше маңызды. Қашанда тарихтың берер тағылымы мол. Оған дәлел өңірдегі Сарайшық, Ақтөбе қалашықтары, Жылыой жерінен табылған Алтын адам, Қызылқоға жеріндегі сарматтар дәуіріндегі «Теректі» қабірінен табылған ХІ ғасырға жататын салмағы 30 келі темір сауыт және тағы басқа құнды жәдігерлер.

Көп нәрсе біздің елімізден батыс пен шығысқа тараған. Соның ішінде ат спорты туралы айтсақ. Ат игеру, бес қаруды асыну қазақ халқына ғана тән қасиеттер. Ұлттық спорт ойындарының бірі көкпар ойыны облысымызда қолға алынған. «Жас дарын» командасының құрамында Махамбет, Индер аудандары мен Атырау қаласының жастары бар.

Ежелгі құндылықтарымызды қазіргі жас ұрпақ бойына дарытуда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәні зор. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларының негізгі мақсаты халықтың тарихи санасын ояту болып табылады.

Т.БАЗАРБАЕВ,

ардагерлер ұйымының төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT