Махамбет ауданы аумағында ағымдағы жылдың 20-22 қаңтар аралығында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты - автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру және жол-көлік оқиғаларының санын төмендету.
Үш күнде патрульдік полиция қызметкерлері автобустарға қатысты 35-ке жуық құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, қауіпсіздік белдігін тақпау, ұялы телефон пайдалану, жол жүрісі ережелерін бұзу, жарық беру аспаптарын қоспау және апатты жағдай туғызғандар жауапкершілікке тартылып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Тәртіп сақшылары барша қоғамдық көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға және ережелерді қатаң ұстануға шақырады.
Қ.ШОНЫШЕВ,
аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі
патрульдік полиция тобының аға қызмет инспекторы,
полиция капитаны