Махамбет ауданы Таңдай ауылынан 82 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 82 жастағы ер адамның мүрдесіне бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-тің 201 - бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

