Ауыз су - жергілікті тұрғындарды толғандырып отырған мәселе

Су -тіршілік көзі.

Күннен-күнге тартылып бара жатқан Жайық өзенінің жағдайы барша атыраулықтарды алаңдатып жүргені жасырын емес. Аймақ басшысы М. Досмұхамбетов кешенді бағдарламасында ауыз су мәселесін өткір көтергені Президент Қ.Тоқаевтың кеңес отырысында Атырау облысының ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін қозғағанынан көруге болады Кеңесте Президент ауыз сумен қамтамасыз ету туралы былай деген еді: «Су- аймақтың орнықты дамуы үшін қажетті басты ресурстың бірі.

Алайда Жайық өзені қатты тартылып, оның экологиялық ахуалы күнен-күнге нашарлап барады. Бұл мәселе онсыз да ауыз суға мұқтаж болып отырған жергілікті тұрғындарды толғандырып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер де үлкен қиындықтарға тап болып жатыр. Біз Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау жөнінде 2024 жылға дейінгі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы туралы бағдарлама қабылдадық. Үкімет осы бағдарламада көзделген іс-шараларды уақтылы қаржыландыруы керек.Сонымен бірге Ресей жағымен бірлесіп, жедел шаралар қабылдау қажет» Ия, сусыз тіршілік жоқ. Соның ішінде ауыз сумен қамту аса маңызды деп білемін.

Іргедегі Жайық өзенінің тартылып бара жатқанын да күнделікті көріп жүрміз. Аудан халқын сумен қамтамасыз етіп отырған, су берудің қиындығын бір кісідей сезініп жүрген ЖК «Гумаров» мекемесінің басшысы ретінде осы су мәселесіне мемлекет тарапынан көңіл бөлініп жатқаны жаныма жылылық сыйлады. Үкімет тарапынан атыраулықтар үшін лайықты шешім қабылданып, атырау облысының ауыз су мәселесі шешімін табады деп сенемін.

Р.ГУМАРОВ, «Гумаров» жеке кәсіпкерлігінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT