Ақжайықтық Сара «Өнерлі әже» атанды

«Әжемнің ертегісі»

«Әжемнің ертегісі»

Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.

Осыған орай, 2021 жылдың 20 сәуір күні Облыстық ғылыми – әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында «Әжемнің ертегісі» атты ертегі айтудан облыстық онлайн-байқауы өткізілді.

Байқауға «Ақжайық» ауылдық мәдениет үйінен драма үйірмесінің жетекшісі Сара Нұрғалиқызы қатысып, байқаудың шарттары бойынша ертегі айту кезеңінде қазақ ертегісі «Үш торай» және «Әже әлдиі» айдарында апайымыз өз қолжазбасынан туындаған бесік жырын айтудан сынға түсіп “Өнерлі әже” номинациясымен марапатталды.

Әріптесімізді ұжым атынан құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбекте табыс тілейміз!

Ж.СЕЙТҚАЗИЕВА,

«Ақжайық» ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз