Болашақтың бағыты: жасанды интеллект

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған кезекті Жолдауын жариялады. Бұл құжатта ел дамуының алдағы басымдықтары айқындалып, соның ішінде жасанды интеллектті кеңінен енгізу мәселесіне ерекше тоқталды. Президенттің осы бағытқа назар аударуы бекер емес, себебі әлем қазір технологиялық жарыста күн сайын өзгеріп, жаңа мүмкіндіктерді алға тартып отыр. 

Жолдау жарияланғаннан кейін жасанды интеллект тақырыбы тек орталықта ғана емес, өңірлерде де кеңінен талқыланып, қоғамның қызығушылығын тудырды.  Бүгінгі таңда жасанды интеллект баяу болса да тұрмысымыздың түрлі саласына еніп жатыр. Білім беру жүйесінде оқушылардың оқу қарқынын анықтайтын, жеке тапсырмалар ұсынатын платформалар көбейді. Денсаулық сақтау саласында алдын ала талдау жасап, дәрігердің жұмысын жеңілдететін жүйелер дамуда.

Мемлекеттік қызметтерді алу да бұрынғыға қарағанда жылдам әрі қолжетімді бола түсті — өтініштерді өңдеу уақыты қысқарып, процестер автоматтандырылуда. Әрине, жаңа технологиялар пайда болған сайын белгілі бір алаңдаушылықтар да болады. Жұмыс орындарының азаюы немесе адамның орнын машина басуы секілді пікірлер жиі айтылады.

Дегенмен, менің ойымша, жасанды интеллект адамның орнын алмастыру үшін емес, оның жұмысын жеңілдету үшін қажет. Ең бастысы – оны дұрыс пайдалану және қажетті дағдыларды уақытында меңгеру. Президент Жолдауында көтерілген жасанды интеллект бағыты – еліміздің болашақ дамуы үшін өзекті әрі маңызды қадам. Бұл технологияны тиімді пайдалану арқылы өңірлердегі, соның ішінде біздің ауданымыздағы қызметтердің сапасын арттыруға, еңбек өнімділігін жақсартуға толық мүмкіндік бар. Уақытпен бірге ілгерілеу – біздің өз қолымызда.

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT