Жолдау – елдің ертеңін айқындайтын бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңін айқындаған тарихи әрі стратегиялық құжат. Президент бұл құжатта алдағы жылдарға арналған басым бағыттарды белгілеп, экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығын жаңғырту, кәсіпкерлікті дамыту, білім мен ғылымды жетілдіру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету секілді маңызды бастамаларды нақтылап берді.

Бұл Жолдау – стратегиялық жоспар ғана емес, нақты нәтижеге жетуге бағытталған іс-қимыл бағдарламасы. Онда аймақтардың әлеуетін арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және әділетті қоғам орнату міндеттері айқын көрсетілді.

Жалғансай ауылдық округі де осы бағыттағы жұмыстарға белсене атсалысуда. Ауыл шаруашылығын дамыту, елді мекендерді абаттандыру, жастарды қолдау, әлеуметтік нысандарды жаңарту – округ үшін басым бағыттардың бірі болып табылады.

Біз бәріміздің мақсатымыз ортақ – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және ауылдың көркеюіне үлес қосу. Тек бірлік пен еңбекқорлық арқылы ғана Жолдауда межеленген міндеттерді жүзеге асырып, өркендеген Қазақстанды бірге құра аламыз.

А.Қайырғалиев,
Жалғансай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT