Өткен аптада Махамбет ауылдық округінің әкімі Р.Әженов округте тазалық саласында еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерді мерекемен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.
Алдымен ауыл әкімі Руслан Болатұлы сөз алып, жылдың қай мезгілінде болмасын ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тазалық жұмыстарына жауапты қарапайым еңбек адамдарына шынайы ризашылығын білдіріп, 10 адамды Алғыс хатпен марапаттады. Оның ішінде қоғамдық жұмыста көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Берік Бекқалиев, Ләззат Сұлтанова, Нұргүл Манқабаева, Динара Тайшұнақова, Гүлбану Үсенғалиева, Алия Телеуова, Шолпан Шонаева, Анар Амирова, Салияш Кенжегалиева, Алексей Батановтар бар. Ауылдық округі аппаратының бас маманы Бибігүл Сисенова да құттықтап, дендеріне саулық, жұмыстарына толайым табыстар тіледі. Мереке қарсаңында сый-құрметке бөлеп жатқаны үшін сарытоғайлық Анар Амирова барша марапат алған жандар атынан алғысын жаудырды.
А.ТЕКЕБАЙ