«Желтоқсан» оқиғасы жадымызда

Фото: zh-shugylasy.kz

Тәуелсіздік күніне байланысты аудандық орталық кітапханада «Желтоқсан –Тәуелсіздік бастауы» атты танымдық кеш өткен еді. Кешке ардагерлер, кітапхананың байырғы оқырмандары, кітапханашылар, мектеп оқушылары қатысты.

Кездесу кешін аудандық орталық кітапхана басшысы Шынар Орынбайқызы ашып, жиналған барша жұртшылықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Кешті одан әрі кітапхананың әдістеме-библиографиялық бөлім меңгерушісі Күнсая Суханғалиева жүргізіп, слайдтан алаш арыстары, Желтоқсан оқиғасы төңірегінде ой өрбітті.

Кітапханашы Жанар Төлешова «Бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздік» атты кітап көрмесін таныстыруға көшті.

Белсенді оқырман, зейнеткер Қазима Бисембаева өз ойымен бөлісіп, елімізге амандық тілеп, батасын берді . Еңбек ардагері Ибатолла Даулетов, О.Шонаев атындағы орта мектептің мұғалімі Қамбар Түсекеновтер өз естеліктерімен бөлісті.

Белгілі ақын, қоғам қайраткері М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңін кітапханашы Ақмарал Мамешова мәнерлеп оқыды.

Еңбек ардагері Зоя Өмірбекова тәуелсіздікті мәңгілік ету жолында жас ұрпақты патриоттық тәрбиемен қамту маңызды екенін, тәрбиеге мән беріп, ұлттық құндылықтарды дамытсақ деген ұсынысын тастады.

Сарытоғай ауылдық кітапханасы меңгерушісі Қарлыға Айдарова, Д.Төленов атындағы орта мектептің мұғалімі Орынгүл Гарифуллина тәуелсіздігіміз баянды, тұғырлы болсын деген жылы лебіздерін білдірді.

Кездесу кешін аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді да­мыту және спорт бөлімінің сек­тор меңгерушісі Гүлнар Бекбаева қорытындылап, кеш меймандарына ризашылығын білдірді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521