Туған ауылымыздың болашағы, экономикалық-әлеуметтік дамуы, гүлденуі жолында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы, мәслихат депутаттары да біркісідей атсалысып келеді.
Әрине, шешілмей жүрген көкейтесті мәселелерді көре тұра, көтермеу – депутаттық міндетімізге сын болмақ. Партияның кадрлық резервіне үміткерлікке түскен кезімде сайлауалды бағдарламаға бірқатар мақсат пен міндеттерді қойған едім. Бүгінгі күні атқарылған жәнежоспарланған жұмыстарды саралаудың сәті келді.
«Nur Otan» партиясының 2021- 2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасы аясында бекітілген жол картасы бойынша Есбол ауылына спорт алаңын салу жоспарланған. Десе де ауыл тұрғындары өз күштерімен шағын футбол алаңының құрылысын бастап кетті. Қазіргі таңда алаңның жасанды төсенішін алу мәселе болып қалып отыр. Өзімнің сайлауалды бағдарламадағы «Ауыл тұрғындары мен жастары арасындағы бұқаралық спортты дамытуға, ауыл тұрғындарының тұрақты түрде спортпен шұғылдануына, спорт алаңдарының салынуына ықпалдасу» бағытына сәйкес депутат ретінде осы алаңның жасанды төсенішін төсеу жұмысына қолдау білдіру мақсатында кәсіпкерлермен, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен келіссөз жүргізу үстіндемін.
Ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, тас жолдарға жасанды кедергілер қондыруға ықпал ету бойынша Есбол ауылындағы Әйтеке би, Төле би көшелеріне жазғы су желісін, тас жол төсеу мәселе етіп қойылды. Биылғы жылы жергілікті әкімдіктің бюджеті есебінен Есбол ауылындағы Төле би, Исатай Тайманұлы атындағы көшелерге жарық шамдары жүргізілді. Ортақшыл ауылында инфрақұрылым толықтайіске асып, тұрғындарға жер берілді. Сонымен қатар «NurOtan» партиясы жанындағы экологиялық қоғамдық кеңестіңжоспарына сәйкес Таңдай, Сарайшық ауылдарындасаябақтардың салынуы, Алға, Жалғансай ауылындағы көше жарықтарының жүргізілуі толықтай қадағаланып, бұл жұмыстар да жоспарлы түрде толықтай орындалды.
«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты» деп дана халқымыз текке айтпаса керек. Ауданға қарасты ауылдардың көпшілігінде мәдениет үйлері ескіріп, кейбірі тіпті құлағалы тұр. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе де, әлі де заман талабына сай емес мәдениет ошақтары да баршылық. Сарытоғай ауылындағы мәдениет үйі құрылысының ұзаққа созылғаны әрине, біздіде алаңдатып отыр. Сондықтан осы жұмыстарды бақылауғаалып, жуық арада аяқталуына күш салатын боламыз.
Ауданымызда ерікті жастар да аз емес. Оның дәлелі – елімізде болған пандемия кезінде көптеген еріктілер жасағының, жастарымыздың көп күштерін салуы. Енді осы волонтерлік қозғалысты ары қарай жандандырып, дамыту арқылы жастарды тарту қажет-ақ. Тұрмысы төмен, көпбалалы, әлеуметтік жағынан көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізуге ықпал ету бағытында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Мектепке жол» акциялары қолға алынды. Аталған іс- шаралар аясында көмекке мұқтаж отбасыларға материалдық қолдау көрсетілсе, сырқат балалардың еміне қажетті қаражатты жинау акцияларына да белсенді түрде қатыстық. Депутаттық жұмыс барысында 9 жеке тұрғынды қабылдап, оның ішінде алтауының сұрағы оң шешімін тауып, өзге қабылдауға келушілерге заң жүзінде түсінік берілді.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ете отырып, жұмыссыздық мәселесін жоюға күш салу тұрғысында ілкімді жұмыстар байқалды. Өткен жылы «Бизнес Бастау» жобасын Есбол ауылдық округінен үш-ақ адам оқыған болатын. Осыған орай биылғы жылы халыққа мемлекет тарапынан бөлінген қайтарымсыз грантқа, жеңілдетілген несиелерге қол жеткізу, шағын кәсіпкерліктідамыту бойынша бағдарламаларға қатысу бағытындатүсіндіру, үгіт- насихат жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Бизнес Бастау» жобасына Есбол ауылының өзінен 6 адам қатысып, аудан бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бөлінгенотыз гранттың үшеуін Есбол ауылының тұрғындары жеңіпалды. Ауыл тұрғыны Жалғас Таңатов бөдене шаруашылығын дамытуды қолға алса, Айбек Меңдіғалиев ағаш өндірісін, Алмагүл Рахымова тігін өндірісін өркендетпекші. Шағын ғана ауылда кәсіпкерлікті дамытып, болашақта Үкімет тарапынан берілетін көмекті тиімді пайдалана отырып, орта немесе ірі шаруашылық құрылымына айналып жатса, аудан экономикасы үшінмаңызы зор болмақ.
Айзада БАЙҒАЛИЕВА,
аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі