Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жуырда өткен «Nur Otan» партиясыныңсаяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтқан беташар сөзінде: «Бізде саяси реформалардың нәтижесінде бүгінде елімізде жоғары демократиялық стандарттарға сай келетін тиімді көппартиялық жүйе қалыптасты.
Биыл тарихымызда алғаш рет заң шығарушы және өкілдік органдарға сайлау пропорционалды жүйе бойынша өтті. Сондай-ақ ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәжірибесі енгізілді», - дегенсөзі билік транзитінде басталған алғашқы реформалартарихын еске түсіреді.
Сол реформалар хақында қысқаша әңгіме қозғай кетейін. «Елдіктің жеті тұғырын» зер сала оқысаңыз жеті қағидатбір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның, Қазақ елінің тәуелсіз ел болып қалыптасу жолында жеткен жетістіктерін бұл тұста алдымен айта кеткен жөн. Саяси реформа еліміздің тәуелсіздік алған жылынан есептегенде он бес жылдан соң экономикалық реформалармен қатар жүргізілетін болды. Қазақ елі ғасырлар тоғысыда өзіндік даму жолы бар мемлекет екендігін әлемнің дамып кеткен мемлекеттер қауымдастығын мойындатқан кезеңі болатын. Айтайын дегеніміз «NurOtan» партиясының 2005 жылыкезектен тыс өткен VII cъезінде партия төрағасы, Елбасы Н.Назарбаев өз баяндамасында «алдымен экономика, соданкейін саясат» қағидасын тәжірибеге енгізген «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімдік даму бағдарламасы елде саясиреформалар жүргізуге жол ашты деп мәлімдеді. Елбасы съезде мемлекеттің басқару жүйесінде жүргізілуге тиістіалдағы рефомаларды кезең-кезеңмен жүзеге асырудыңбағдарламасын ұсынды. Бұған дейін де экономикалыққатынастарға орай кішігірім өзгертулер мен толықтыруларды жасаған реформалар жүргізіліп келген. Ал, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің нәтижесімен алғашқы рет 2007 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары партиялық тізіммен сайланды. Президент өкілеттігінің ішінара бөлігі Парламентке берілді, сондай-ақ жергілікті әрдеңгейдегі әкімдіктердің ішінара құзыреттері мәслихаттарғажүктелді. Бұл елімізде халықаралық ережеге сай билік транзитінде жүргізілген алғашқы ауқымды реформалар легі болатын. Айтайын дегеніміз сол жылдардан Қазақ елініңбилігінде руханият саясаты мен экономика саясатын қатар жүргізудің бағыт-бағдары негізделген даму бағдарламасы жасалып, өмірге жол тартты. Оның нәтижесі 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімдік даму бағдарламасының мерзімінен бұрын қабылданып, дамуды одан әрі жалғастырушы жаңа, Қазақ елін «Мәңгілік ел» етуидеясын ұстанған «Қазақстан - 2050» стратегиялық даму бағдарламасын қабылдауға қол жеткізді. Бұл – Қазақ елітәуелсіздігінің отыз жылдығындағы айтулы жетістіктерінің бірегейі деп айта аламыз. Соның ішінде, ішкі саясатымызда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері ата-бабамыз ұстатып кеткен ұлы дала жерін тиімді пайдалану, сақтау, қорғау аясында болып келген алуан пікірлерге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет кеңесінің кеңейтілген отырысында нүкте қойылғандығын мәлімдеді. Жер - шетел азаматына сатылмайтын болып шешілді.
Саяси реформа бағдарламасына сай Елбасы бас болып билік транзинтімен қатар қоғам санасын жаңғыртуды сезіп 2017 жылы бағдарламалық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ұсынды. Мақалада «...Мақсатқа жету үшінбіздің санамыз ісімізден озып жүруі ... жаңғырып отыруытиіс...», деген сөздері есімізде. Зиялы қауымға бұл сөзгетүсінік беріп жатудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймыз. 2018 жылы Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жетіқыры», бүгінгі «Елдіктің жеті тұғыры» қағидалымақалалары «Мәңгілік ел» болу идеясының тұғыры деп түсінеміз.
Ата-бабамыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап ұрпағына ұстатқан жерінің көлемі 2.724 902 шаршы шақырымды құрайды екен. Әлемдік жер шарындағы мемлекеттер арасында жер көлемі жағынан Қазақ елі – тоғызыншы орында. Бастағасын жерде түгел айтайық. Еліміз бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара, солтүстігінде және батысында Ресеймен – 6467 шақырымды құрайды. Оңтүстігінде - Түркіменстан 380 шақырымды, Өзбекстан -2300 және Қырғызстан – 980, ал шығысында Қытаймен – 1460 шақырыммен шектеседі екен. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы 13392,6 шақырым болады. Батыста Каспий, оңтүстік батысында Арал теңізімен дегендей. Осыншама жер көлемімен әлем назарын өзіне қаратып отырған Қазақелінің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ата-баба табыстағанжерін сыртқы күштен сақтаудың жолын - бейбітшілік, өзара сыйластықпен өмір сүру немесе толеранттық саясатты ұстану арқылы елдің тұтастығын сақтай алатындығын сезінді. Осы ұстанымын ядролық қаруды тек қанабейбітшілік мақсатта қолдану қажеттігімен толықтырды. Елбасы осы ұстаныммен Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберіне шығып сөз сөйлейді. Бұл ұсыныс БҰҰ - ныңқолдауымен 2015 жылы АҚШ елінде дамыған және дамушы елдер арасында өткен саммитінде Елбасының өзінің тікелейбасы-қасында жүруімен халықаралық доктринаға қол қойылады. Әлемнің бейбітшілік тарихында Қазақ елі, Қазақстан атауы алтын әріппен жазылды.
Бейбітшілік, өзара сыйластық сөздерін ауызға алуымызға Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» мақаласының жергеқатысты қағидасында «... адамзат тарихында, тіпті қазіргікезеңде де даулы территорияның соғысқа, қантөгіске алып келгенін көріп отырмыз (Таулы Қарабақ, Қырым, Грузия және т.б...»), - деген қағидалы сөздеріне орай, бұған дейін де Қазақ елінің ішкі және сыртқы саясаттарында жасалыпкелген жұмыстарды ортаға салу еді.
Ұлы даламыздың шекарасына сызат түсірмеудің, елді, жерді шайқалтпаудың бірден-бір тәсілі толеранттық пен азаматтареркіндігінде екендігін сезген Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамдық діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақ елінің астанасында, сол тұстағы Астана қаласы, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында өткізуді ұсынады. Қазақстан Президентінің ойы бойынша дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып, бөтеннің жеріне көзалартушылық сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді депбілді.
Негізі жыл сайын 22 сәуірде жаһандық халықаралық Жер-Ана күні мерекеленеді. Мейрам 2009 жылы Біріккен ҰлттарҰйымының Бас Ассамблеясымен бекітілген жылы 2010 жылдан бері атап өтіледі. Бұл күн экологиялық қорғаужайына басты назар аударады. Иә, «жердің тілін білсең, тілдей жерден жылдық өнім аларсың. Елдің тілін білсең ,елге сыйлы боп жағарсың» деген халықтың есті сөзі елдіңжеті тұғырын берки түсу жолындағы еңбекке құлшындырабереді деп білеміз.
Марат САБЫРҒАЛИЕВ,
партия ардагері, аудандық ардагерлер кеңесітөрағасының орынбасары