Ауыл азаматы ұстазына баспана сыйлады

Жақында ғана "Жомарт жүрек" сыйлығының "Жыл меценаты" номинациясына ие болған кәсіпкер Әділ Жұбанов өзінің туған жері Сарытоғайына тағы бір сыйлық жасады.

ania21020-6

Бұл жолы білім нәрімен сусындатып, халқына қалаулы азамат болып өсуіне септігін тигізген ұстазына баспана алып берді. Әния Каленова 30 жыл ұстаздық қызмет жасап, бес жыл бұрын зейінеткерлікке шыққан. Талай жыл паналап келген үйі үлкен болғанмен де, ескі ғимарат болғандықтан жөндеуді қажет ететіндігі туындаған. Алайда ауыл азаматтары аяулы ұстаздарына үй салып беруге немесе дайын үй болса сатып алып, сыйлауды ойлайды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, праймеризге қатысушы үміткер Әділ Орынбасарұлы жерлестерімен кездесуге келген уақытта «Әния апайға үй алып беремін» деп уәде береді. «Ер туған жеріне» демекші, қашанда туған ауылы үшін барын беруге даяр азамат уәдесін көп уақыт өтпей орындайды. Ауылдан сатылатын үй табылып, бүгінгі күні 4 бөлмелі үйдің кілтін табыстау шарасы салтанатты түрде өткізілді.

ania21020-2

Ұстаздар күні қарсаңында баспана кілтін үй иесіне кәсіпкердің өзі табыстады. Салтанатты шараға аудан әкімі Ж.Ахметов, әкімнің орынбасары С.Аманшиева, ауыл ақсақалдары, көрші-көлем қатысты. Алдымен сөз алған аудан басшысы Әния апайды қоныс тойымен құттықтап, туған ауылына жанашырлық танытқан кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, партияішілік сайлауда жеңіске жетуін тіледі. Әріптесінің қуанышын бөлісуге келген ардагер-ұстаз Ғалия Қабдолова да шәкіртінің ұстазына жасаған жақсылығына ризашылығын жеткізді.

ania21020-3

- Өзімнің ұстазым құлайын деп тұрған жерді паналап отырғанын көргенде өзімді қоярға жер таппадым. Содан сайлауалды бағдарламамды таныстыруға келгенде Рүстем есімді бауырымның апайға үй алып беру туралы ұсынысын қабылдап, үй алу туралы шешім қабылдадым. Бұл менің осымен 11-ші алып беріп отырған үйім екен. Әния апай мерекеңіз құтты болсын. Бүгінгі қуанышыңызбен бөлісуге келген барша жерлестеріме рахмет айтамын,-деді Ә.Орынбасарұлы.

ania21020-5

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521