Махамбетте«Сапалы жол» жобасы аясындағы жұмыстар күшейтілуде

⠀«Сапалы жол»  - адалдық алаңы назарында

"Сапалы жол" жобасы аясында "Атырау Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 11 маусым күні «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті облыс орталығындағы Канцев көшесінде қатқыл табанды жолдар салу жұмысына арнайы мониторинг жүргізді.⠀

Мониторинг барысында жобалық кеңсемен Канцев көшесіндегі автокөлік жолдарының бір бөлігі Доссор көшесі қиылысынан Ш.Уәлиханов көшесі аралығындағы жолдың халықтың қолданысына заң жүзінде берілмесе де, автокөліктердің кедергісіз жүріп жатырғаны анықталды.

jol15621

Салынып жатырған тас жолдың талапқа сәйкес төселуін анықтау мақсатында тапсырыс беруші Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі және мердігер мекеме «Қазақавтодорстрой» ЖШС-і өкілдерін қатыстыра отырып, Ұлттық сапа орталығының қызметкерлері КЭРН кескіндерін алып, арнайы зертханаға жолдады.

Канцев көшесіне жалпы ұзындығы 1 шақырым 260 метр ұзындықтағы тас жолды салу, өңдеу үшін бюджеттен 1 млрд 499 миллион теңге бөлінген. Жобалық-сметалық құжаттама бойынша төселген тас жолдың қалыңдығы 30 см болуы тиіс, жолдың оң жақ бетінен алынған КЭРН кескіні 30 см болса, сол жақ бетінен алынған кескін 28,5 см болды. Жол салу барысында «Мұзтау» ЖШС мекемесінің техникалық қадағалау қызметкерлері тарапынан жол жиегін түзету және жиектерін тығыздап отырғызу сияқты ескертпелер болған. Аталған кемшіліктер қалыпқа келтірілген. Келісім шарт бойынша үстіміздегі жылдың сәуір айында басталған жұмыс қараша айында аяқталады.

jol15621-1

Естеріңізге сала кетейік, бақылау кезінде жаңадан төселген тас жолдарда кемшіліктер анықталған жағдайда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен жергілікті атқарушы органға ұсыным беріліп, жол қайта қалыпқа келтірілетін болады.

Бұл бағытта «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі 2019 жылдан бастап, қоғамдық мониторингтер жүргізіп келеді. ⠀ Жобалық кеңсемен 2020 жылдың өзінде облыс орталығы мен аудандарда күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен автокөлік жолдарының сапасына 57 рет қоғамдық бақылау ұйымдастырылды. Оның ішінде 33-де кемшіліктер анықталып, 24 жол қайта қалыпқа келтірілді.

"Атырау Адалдық алаңы"жобалық кеңсесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT