Ауқымды жұмыстар атқарған Ассамблея

Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілген еді.  Бұл отырыс Ассамблеяның 30 жылдық  белесіндегі қорытындылар мен болашақ міндеттерге арналды.  Мұнда ұйымның елдегі келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы рөлі, ауқымды өзгерістер барысындағы маңызы сөз болды.  Алдағы   бағыттар талқыланып, этномәдени бірлестіктер қызметі, этномедиация институты, ақсақалдар мен аналар кеңестеріның жұмысына  да тоқталды. 

Президент  өз сөзінде: «ҚХА мүшелері күн сайын көзге көрінбейтін, бірден нәтиже бермейтін, алайда ұзақ мерзімді стратегиялық тұрғыдан тиімді, ауқымды жұмыс жүргізеді.  Мен жалпыұлттық бірлік пен татулықты нығайту жолында адал қызмет етіп жүрген барлық белсенді азаматтарға шынайы алғысымды айтамын»-деді  ол.

ҚХА аналар кеңесі төрайымы Н.Ыдырысқызы отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұлт кеселіне айналған жат әдеттермен күрес жолындағы жобалар бойынша түйінді сөзін арнады.  Бірлік  пен жаңғыртуға бет алған Ассамблея алдағы уақытта да қоғамдық келісімнің формуласы болып қала бермек.

Т.Есенғазиев,

мемлекеттік саланың ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT