Ауған соғысы: отқа оранған 10 жыл

Ауған соғысы: отқа оранған 10 жыл

Ауған зардаптары ұмытылмайды.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына байланысты «Өнерпаз» мәдениет үйінде «Ауған соғысы: отқа оранған 10 жыл» атты кеш өтті. Елдегі пандемияға орай шара барлық карантин талаптарына сай өткізілді.

Алдымен Ауған соғысының ардагерлеріне слайд арқылы «Жаңғырық» арнайы хабары көрсетілді. Мұнан әрі «Отқа оранған 10 жыл», «Ауған ақиқаты» музыкалық сазды бағдарлама көрініс-қойылым тамашаланды. Қойылымға қатысқан сегіз сарбаз жат елде бастан кешкен қиындықтарды, ерлік істерді өлеңмен өрнектеп, патриоттық әндер шырқады.Слайдтан Ауған жерінде көз жұмған жауынгерлер Алаш Тұржанов, Мұхтар Рахметовтердің бейнелері де көрсетілді.

a

Кандагардағы тау-таста мылтығын тазалаған, хат жазып отырған, темір шайнектен шай ішкен сарбаздарды көріп, бейне сол жақта жүргендей әсер алдық. Кинодағыдай жанар-жағармай тасыған автокөліктер керуенін көргенде тау шыңында, тасада тұрып, оқ жаудыратын дұшмандар еске түсті. Иә, бұл күн темір табыттар тоқтаған, ананың жалғыз ұлын жоқтаған, саяси ойындар құрбанына айналған, өзектерді өкініш кернеген күн.

Ауған соғысы ардагерлерін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев құттықтап, оларға мықты денсаулық, жанұя бақытын, отбасы амандығын тіледі.

ay160221-4

- Он жылға созылған соғысқа ауданымыздан 43 азамат қатысты. Оның 3-і ерлікпен қаза тапса, 12-і түрлі алған жарақаттарынан көз жұмды. Қазіргі жағдайда карантин кезі болса да айтулы мерекеге байланысты шара ұйымдастырып жатқан аудан әкімдігіне, мәдениет бөліміне, өз ризашылығымызды білдіреміз, - деді «Махамбет аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.Искаков.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT