Ауданымызда Республика күні атап өтілді

«Өнерпаз» мәдениет үйінде республика күніне арналған «Қыран далам-Қазақстан» атты мерекелік шара өтті. Қ.Аманжоловтың «Өсиет» өлеңін Берік Әбілдай мәнерлеп оқыса, бір топ оқушылар «Туым-тұғырым» қойылымын қойып, Әнұран орындап, көптің қошеметіне бөленді.

 Аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев республика күнімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді, ардагерлерді марапаттады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның «Алғыс хатымен» «Ержүректілер» қоғамдық қорының басшысы Мұхадия Қуангерейұлы марапатталды. Облыс әкімінің Алғыс хатына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығының тәрбиешісі Жарқын Тұржанова, «Жауқазын» бөбекжайының тәрбиешісі Жансұлу Аманғалиева, «ҚазСуШар» РМК Атырау филиалы Төменгі Жайық өндірістік учаскесінің 7 ауыл Айсары» насос қондырғысының машинисі Еділ Сатыбалдыұлы, аудандық жер қатынастары бөлімінің есепшісі Нұрлыбек Аманғалиұлы ие болды. Ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Атап айтсақ Ақтоғай ауылдық округінің мансап орталық бойынша ассисенті Н.Сауытова, Бейбарыс ауылдық округінің бас маманы Т.Сағындықов, Махамбет ауылдық округі бойынша әлеуметтік қызметкер Н.Хасанова, Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкері Н.Сариев, Жалғансай орта мектебі директорының шаруашылық жөніндені орынбасары А.Сүндетова, Махамбеи балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол бөлімінің жаттықтырушысы Ә.Идрисов, Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі өрт сөндіру стансасының басшысы А.Қадырбаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің қызметкері Г.Молдағалиева, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көліні және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Кенжебаев, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы Қ.Құбашева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкері Ғ.Салих, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Г.Үмбетова, аудандық мансап орталығының маманы А.Жайшылықов, Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А.Нұрғалиев, Алға орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Р.Мусин, аудандық кітапхананың іс жүргізушісі Г.Байымбетова, аудандық прокуратура қызметкері Ж.Бердешұлы, аудандық аурухананың Еңбекшіл негізгі мектебінің медбикесі Ә.Итесова, Ақжайық ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі А.Жақсығалиева, Сарайшық ауылдық округі әкім аппаратының әлеуметтік қызметкері Ә. Мухамбедин, аудандық білім бөлімінің заңгері Т.Бергарина, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің жарнама менеджері Н.Каримқызы ие болып, марапатталды. Сондай-ақ аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау бөлімінің басшысы Д.Уташева ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының алғыс хатын алды.

Махамбет бабамыздың 220 жылдығына арналған «Дауылпаз» мерекелік медалімен мемлекеттік сала ардагерлері Ұзақбай Төлегенұлы, Родина Әбдрешова, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Орынша Қайрекешова марапатталып, кеуделеріне медаль тақты.

Аудандық мәслихат төрағасы Қайыржан Мәжиев те жиналғандарды мерекемен құттықтап, жеті адамға алғыс хат ұсынды. Атап атсақ Алға ауылдық округі әкім аппаратының ісқағаз жүргізушісі Г.Баймұханова, Махамбет ауылдық округі бойынша әлеуметтік қызметкер А.Құбашева, «Атырау-Жарық» АҚ аудандық электр желісі мекемесінің инспекторы А.Нұрланұлы, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің бас маманы С.Бақтыгерей, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты А.Қамидоллин, Махамбет балық инспекциясы бөлімінің бас маманы М.Қазбаев, Махамбет аудандық прокуратурасының хатшысы Н.Садуақасова алғыс хатпен марапатталды. Мереке одан әрі аудан өнерпаздарының әншашуына ұласты. Әсіресе, Гүлсая Меңдігереева «Қазақстаным», Арман Дүйсенғұлов «Қазақ тілі», дуэт Н.Баяхметов пен А.Исатай «Рахмет, саған туған ел!» әнімен тамсантты. «Әсем-ай» бишілері «шалқыма биін дөңгелене билесе, Айбек Ғасырбеков «Қазағым жаса» әнін, Әли Төлеуов «Қазақ елі» әнін тамылжыта шырқады. Трионың «Ұлы Дала» әнімен мерекелік шара да мәресіне жетті.

А.Қуанышқалиева

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521