Заң мен тәртіпті сақтау маңызды

Ел Президенті Қ.Тоқаев Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде заң үстемдігі, заң мен тәртіпті сақтау төңірегінде де ой-толғамдарын ортаға салды. Президент мемлекеттілік тұғырын нығайта түсу үшін заң үстемдігін орнықтыру өте маңызды деп санайды. Әрі әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту да қажет.

Мемлекет басшысы өз сөзінде: «заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдістерге бүкіл қоғам болып, қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл-заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, баққуатты тұрмыс та болады. Яғни заң толығымен орындалса, төрт құбыламыз түгел болмақ» деді.

Егемен еліміздің заңына бағыну, қоғамдық тәртіпті сақтау барлық қазақстандықтардың міндеті. Осы бағытта пробация қызметінде қолымыздан келгенше еңбек етіп келеміз. Пробация қызметі есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған 31 тұлға бар. Оның ішінде шектеу жазасына сотталғандар- 6 тұлға. Қылмыстық кодекстің 43 бап негізінде қоғамдық жұмысқа тартылғандар, 42 бап қолданылып, түзеу жұмысына сотталғандар сотталғандар есепте жоқ. Сонымен қатар ҚК 50 бап қолданылып, белгілі бір қызметтерді атқаруға немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тыйым салынған - 3 тұлға бар. Оның біреуі бала күтімінде отыр. ҚК 74 бап қолданып, жаза өтеуді кейінге қалдырылғандар да жоқ. Есепте тұрғандардың ішінде 6-ы жұмысқа орналасса, бір адам пробация қызметі инспекторларының көмегімен «Атырау су арнасы» мекемесіне слесарь болып, тұрақты жұмысқа орналасты. Бүгінде 15 адам тұрақты жұмыста болса, 5 адам жұмыссыз, 1 тұлға студент. Бұлардың барлығына психологиялық, медициналық көмектер көрсетіледі.

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес «Учаске» іс-шарасы өтіп тұрады. Іс-шара аясында жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп, пробация қызметі тобының есебінде тұрған сотталғандар тексеріледі. Шараның басты мақсаты - есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты болдырмау. Пробация қызметі есебінде тұрған барлық сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағдайы, нақты қайда, кіммен тұратындығы, тіркеу орны, тұрғылықты жері болуын да жіті тексеріп отырамыз.

 Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жолында алдағы уақытта да заң мен тәртіпті сақтау үшін жұмыстана береміз.

Айгүл Молдашева, аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет капитаны

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT