23 отбасына түйе еті таратылды

Ауданымызда «Біз Біргеміз» акциясы жоғары қарқынмен жалғасуда.

Соңғы жылдары елімізде түрлі қайырымдылық бағыттағы жобалар мен акцияларды қолдап, өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор. Себебі, халқымыз мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, қарттарды аялауды, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір адамның адамгершілік борышы деп есептейді.

Осындай игі істі, ізгі жолда жүрген жандардың бірі "Ө. Жанбалаев" шаруа қожалығы Жалғансай ауылының әр отбасына 10 келіден 23 жанұяға түйе етін таратып, қайырымдылық көмегін көрсетті.

tuie2304201

tuie230420

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін.

К.Сапар

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз