Өткен аптада аудан әкімдігі ғимараты алдында қаз-қатар тізілген 10 жаңа арнаулы техниканың кілтін салтанатты түрде табыстау шарасы өтті.
Аталмыш шарада аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев құттықтау сөз сөйлеп, «Махамбет су» мекемесінің басшысы М.Аманов пен «Иманалин» жеке кәсіпкерлік жетекшісі А.Иманалинге көліктердің кілтін табыстады.
- Ауданымыздың коммуналдық саласындағы қызметтерін атқаруға, әсіресе , биыл ғы көктемгі су тасқынындағы бөгет соғу жұмыстарына өте қажетті арнаулы техникаларға жолдаған сұранысымызға орай, облыс әкімі С.Шәпкеновтің қолдауымен 10 жаңа көлік беріліп отыр. Бұған дейін әр ауылдық округтерге трактор тіркемесімен алынып, берілген болатын. Енді, міне бұрынғы техникалардың қатары 1 - жүк тиегіш, 1 - соқалы-щеткалы, суару-жуу бар аралас жол машинасы, 1 - көктайғаққа қарсы материалдарды тарату техникасы, 1 - манупулятор, 1 - қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдаушы автомобиль, 2 экскаватор тиегіш техникаларымен толығып отыр. Бұл техникаларды «Махамбет Су» және «Иманалин» ЖК-не сенімгерлік басқаруға беріп отырмыз. Көліктеріңіз құтты болсын, аудан халқының игілігіне ұзағынан қызмет етсін, - деген тілегін білдірді.
Салтанатты шарада сөз алған ауыл тұрғыны, көпбалалы ана К.Айбасова ауданымызды жаңа көліктермен қамтамасыз етуге қолдау көрсеткен облыс, аудан басшыларына аналық алғысын жаудырып, ел игілігі жолындағы еңбектеріне мол табыс тіледі.
Б.САПАРОВА