Аудандық кітапханаға 50-ге жуық кітап сыйлады

Аудандық кітапхана қоры тағы да жаңа рухани байлықпен толықты

Махамбет аудандық орталық кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды.

Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау үшін ұйымдастырылған акцияға 50-ге жуық кітаптың иесі, жергілікті ақын Қажымұхан Есқалиевтың кітаптарын ардақты ана, ақынның сүйікті жары Избулова Жанат апай өзі кітапханаға келіп, рухани байлықты ағайдың жеке кітапханасынан алып, аудандық кітапхана қорына тарту етті.

Өнердің бір саласы әдебиет. Оның ішіндегі поэзия десек,ауданда да талантты ақындар бар екеніне ешкім шек келтірмесе керек. Қажымұхан Есқалиев санаулылардың бірі болған. Соның нәтижесі - оқырманға тарту болған «Жайықтың аққулары» атты жаңа кітабы. Ақын бұл жинағында туған жерге ,Отанға деген патриоттық сезімдері мен махаббат тақырыбына көбірек қалам тербеген.

Бұдан өзге де тақыраптарды өлеңіне өзек еткен,екінші кітап «Намыс жасы» - бұл жинақта Ұлы Отан соғысы жеңісінен кейін, туған ұрпақтың өмірі суреттеледі. Басқа да табиғат қорғау мәселелеріне публицистикалық еңбектерге арналған. Алғашқы махаббат құбылыс- кітаптағы әңгіме,повьестердің негізгі арқауы. Ақынның бұл кітаптары барлық жыр сүйер қауымға арналады.

Жанат Избулова кітаптың адам өміріндегі алатын орны мен кітап оқудың маңызы туралы өзінің ойымен бөлісе келе, орталық кітапханаға сыйға берген 50-ден аса кітапты тарту ете отырып, алдағы уақытта тағы да Қажымұхан ағаның үй кітапханасында тұрған кітаптарын сыйлайтынын қуаныш сезіммен жеткізді.

Кітапхана басшысы Ш.Измағанбетова аудандық орталық кітапханаға кітап сыйлаған жомарт жан иесі Избулова Жанат апайға алғысын білдірді.

К.СУХАНҒАЛИЕВА,

аудандық орталық кітапхананың

әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз