Аудандағы нысан маңдайшалары жаңартуды қажет етеді

Жақында аудан әкімдігінің жанындағы жұмыс тобы ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу, пысықтау мақсатында мекемелер мен сауда нысандарын аралады.

ҚР Тіл туралы заңының 21 бабында көрсетілген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, қадағалау, түсінік жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында қоғамдық мониторинг акциясы өткізілген болатын.

g

Акция кезінде аудандағы 10 кәсіпкерлік нысандар, бір мемлекеттік мекеме араланып, ҚР Тіл туралы заңға байланысты зерделеу жұмыстары жүрді. Іс-шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, полиция, кәсіпкерлік және туризм бөлімдері, ауылдық округ, БАҚ өкілдері қатысты. Акция өз жұмысын «Құрылысшы» ықшам ауданындағы құрылыс дүкенінен бастады.

a

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аруев әр дүкеннің маңдайша жазулары, ішкі-сыртқы көрнекі ақпараттарын біріздендіру, жаңғыртуды талап етілетінін ескертті.

n

Сонымен қатар артық жазылған жарнамаларды алып тастау керектігі де қаперленді. Одан әрі «Нұрлыайым», «Тәуекел», «Наркескен», «Тұмар», «Алаша» дүкендері де зерделенді. Көбінің маңдайшасы тек қазақ тілінде жазылыпты.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Бекбаева тіл туралы заңның сақталуына жүргізілген рейдте маңдайшалардың көбі ескіріп, жазулар күнге күйіп, ағарып кеткенін, көптеген маңдайшалар тек бір тілде жазылғанын, кәсіпкерлерден нысандар маңдайшасын ҚР Тіл туралы заңына сәйкестендіруді сұрап, оларға маңдайшаны жаңарту, жаңғырту жөнінде ескерту хат берді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз