Жазасын мәжбүрлі еңбекпен өтейді

Атырау облысы бойынша құқықтық атқару жүйесі департаментінің аудандық Пробация қызметі тобының есебінде жыл басынан бері бас бостандығын шектеу жазасымен сотталғандардың саны - 14 адам. Оның ішінде 5-еуіне сотпен 100 сағат мәжбүрлі еңбекпен өтеу белгіленген.

Мәжбүрлі еңбекті атқаруы үшін олардан қолхат алынып, аудандық пробация қызметі жергілікті атқарушы органдарға жолдама жібереді. Сотталғандардың мәжбүрлі еңбекті орындауы ақысыз жүзеге асырылады және нақты біліктілікті қажет етпейді.

Ауданымызда өздеріне жүктеген мәжбүрлі еңбекті орындаушылар ауылдар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарына белсенді қатысып отыр.

А.МОЛДАШЕВА,

аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы,

әділет капитаны 

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз