Аудандық прокуратурада азаматтарға арналған жеке қабылдау өтті

Махамбет ауданы прокуратурасының ғимаратында Атырау облысы прокурорының орынбасары Нұржан Серікұлы аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан прокуроры, аудан әкімі және полиция бөлімінің басшылары қатысты.

Жеке қабылдауға келген азаматтардан әлеуметтік, экономикалық, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, азаматтық, әкімшілік істер, атқарушылық іс жүргізу бойынша арызшағымдары қабылданып, түсінік берілді. Сондай-ақ, шетелдік автокөлікті тіркеу, малдың түріне қарай таңбалау мәселесі, кәсіпкерлік саласына қатысты сұрақтарға жауап берілді.

Облыс прокурорының орынбасары азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы, сапалы және жан-жақты қарау барлық мемлекеттік органдардың міндеті екендігін атап өтті.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз