Аудан әкімі еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналарымыздың Халықаралық мерекесі қарсаңында аудан Қайрат Нұрлыбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына үлес қосып, бейнетінің зейнетін көріп отырған абзал аналардың үйлеріне барып, мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы алдымен 85 жастағы еңбек ардагері, кітапханашы, аудандық ауруханада шаруашылық меңгерушісі болып қызмет атқарған Салиха Жұмағамбетованың шаңырағына барды. Қазыналы қартты құттықтап, ыстық лебізін білдірген Қ.Нұрлыбаев мерекелік сый-сияпат табыстады. Өз кезегінде аудан әкімі ақ жаулықты аналардың қандай құрметке болсын лайық екендігін айтты.

Сізді шырайлы көктемнің алғашқы күндерімен барша адамзаттың көңілін жадырата келген 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Гүл көктемнің алғашқы мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай болып, жайма-шуақ күнге бөлейтін жарқын мейрам. Осынау мерейлі мереке өнегелі өміріңіз бен биік көңіліңізге шырайлы шұғыласы мен шуақты шапағатын шаша бергей. Осынау айтулы мереке қарсаңында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан абыройлы еңбегіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Деніңізге саулық, шаңырағыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін,-деді аудан әкімі.

Бұдан кейін аудан әкімі Ақкенже Мысанова, БағытБарқымбаева, таңдайлық Нұрзия Жұмаханова,Ортақшыл ауылының тұрғыны, сауда саласының ардагері Нәсіпхан Темірболатоваларды құттықтап, ізгі тілегін арнады. Қуанышқа бөленген еңбек ардагерлерімерекемен құттықтай келген аудан әкіміне аналық алғысын білдіріп, ел үшін атқарып жатқан қызметіне сәттілік тіледі.

Қ.АЙТҚАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521