Аудандық полиция бөлімі азаматтарды заңсыз сақталған қару-жарақтарын өз еркімен тапсыруға шақырады

Құрметті Махамбет ауданының тұрғындары!

Елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыскерлер құқық қорғау қызметкерлерінің атыс қарулары мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттарын ұрлады.

Яғни, қылмыскерлер ұрланған атыс қару мен жарылғыш заттарды заңсыз мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін сондай-ақ, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Атыс қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Алайда, заңсыз сақтаған атыс қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Осыған байланысты, Махамбет ауданы полиция бөлімі  азаматтарды заңсыз сақтаған атыс қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды және арнайы құралдары өз еркімен тапсыруға шақырады.

Сонымен қатар, атыс қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар және арнайы құралдар табылған жағдайда полицияға хабарлауды сұраймыз. (102, 2-11-32)

Махамбет ауданы тұрғындарынан Полиция бөлімінің жүргізіп жатқан іс-шараларына түсіністікпен қарауын сұраймыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521