Аудандағы кәсіпкерлік нысандар тексерілді

Махамбет аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10 мамыр 2020 жылғы №36 Қаулысына сәйкес аудан әкімімен бірлесе отыра құрылған мобильдік топпен қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша рейдтік іс-шаралары жалғасын табуда.

Осы орайда 25 мамыр күні аудан орталығында орналасқан «Әділжан» азық-түлік дүкені мен «Айнара» сұлулық салонының санитарлық тазалығы мен қызметкерлердің санитарлық талаптарды қаншалықты деңгейде орындап отырғаны тексерілді. Тексеріс жұмыстарын аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, полиция бөлімі қызметкерлері және БАҚ өкілдерімен бірлесе отырып жүргізді.

Біз алғаш бас сұққан «Әділжан» дүкенінде санитарлық талаптар қатаң сақталған. Кіреберісте келушілерге антисептик шашып, кезекпен кіргізілуде әрі бетпердесіз дүкен ішіне кіруге тыйым салынған. Екі метр арақашықтық та сақталып отыр.

Келесі нысан – «Айнара» сұлулық салоны болды. Шаштаразға алдын ала жазылу бойынша, әрі міндетті түрде бетпердемен келуі талап етілген. Дезинфекциялық құрылғыларды жиі пайдалану талабы да сақталған. Бұл жерде де санитарлық талаптар сақталған деуге әбден болады. Тексеру жұмыстары барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, облыстың Бас санитарының қаулысы түсіндірілді.

a

«Атырау облысы аумағында Covid-19 ауруының тіркелуіне және ауру деңгейінің жоғарылауына байланысты облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына толықтырулар енгізіліп, карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылғандығы белгілі. Бірақ санитарлық талаптарды сақтау, антисептик, медициналық қолғап пен бетпердені пайдалану маңызды рөлде болып қала береді. Сатып алушылар арасында арақашықтықты сақтай отырып, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін өткізуге 9.00-17.00 жұмыс уақыты аралығында, азық-түлік дүкендері, дәріхана, бірінші қажеттіліктегі тауарлар саудасы нысандарының жұмысына 09.00-22.00 уақыт аралығында рұқсат берілді. Тұрғындардан осы аталған талаптарды орындай отырып, тәртіпке бағынуды сұраймыз»,- дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Сара Қабазова.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT