ҰБТ-ның күні белгіленді

Биыл тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет, жалпы әлемнің көптеген мемлекеттерінде соңғы қоңырау соғылған жоқ. Яғни, барша мектеп бітіруші түлектер мен оқушылар асыға күтетін 25-мамырдағы мерекелік шара «Онлайн соңғы қоңырау» деген атаумен, «ZOOM» платформасы арқылы өткізілді.

Оқу жылының 3-4 тоқсандарын қашықтықтан оқыту әдісі арқылы онлайн жүйеде өткізсе де мұғалімдер мен оқушылар осы күні алтын мектеппен қауышуды күткені сөзсіз. Жалпы биыл ауданымыз бойынша 244 жас түлек мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Оның ішінде 222 талапкер ҰБТ-ға дайындық үстінде. Елдегі ахуалға қарамастан Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетовтың жуырда бекіткен тұжырымдамасына сәйкес, ҰБТ 20 маусым мен 5-шілде аралығында барлық аймақтарда, күшейтілген карантин режимінде өткізіледі.

Махамбет ауданы бойынша да жылдағы үрдіспен Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің базасында арнайы санитарлық талаптардың сақталуымен талапкерлер сынақ тапсырады.

«Республикалық штабтың комиссия мүшелері де міндетті түрде барлығын бақылап, жылдағы тәртіп пен талап өз күшінде қалады»,-дейді аудандық білім бөлімінің басшысы А.Бердешқызы.

Ал, мектеп бітіру кешін асыға күтіп, әдемі көйлектерін дайындап жүрген жас түлектер маусымның 3-4 күндері алтын ұя мектебімен қоштасып, ашық аспан аясындағы салтанатты шарада 11 жылдық білімнің жемісі-аттестатын қолына алады. Салтанатты шараға 100-ден артық адам қатыспауына байланысты, ата-ананың біреуі ғана келуге рұқсат етілген.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521