Ауданда жоғалған 4 жасар сәби аман-есен табылды(+ВИДЕО)

Тәртіп сақшыларының қырағылығының нәтижесінде бала аман-есен табылды.

Бүгін яғни, 4 маусым күні 13.30 шамасында Махамбет ауылының тұрғыны А.Ашықбаева аудандық полицияның 102 желісіне төрт жасар ұлының үйден шығып кеткенін, оны қанша іздесе де, үй маңынан таба алмағанын айтып, қоңырау шалған.

Осы хабарлама бойынша патрульдік полиция тобының инспекторлары дереу қимылдап, іздестіру шарасына кіріседі.

Тәртіп сақшыларының қырағылығының нәтижесінде 1 сағаттың ішінде 4 жасар ұл бала үйінен 600 метр қашықтықтан табылыпты. Баланың аман табылғанына қуанған анасы полицейлерге алғысын білдірді.

«Жайық-Ақпарат»

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз