Ауданда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Атырау облыстық бас санитар дәрігерінің қаулысын негізге ала отырып, мобильдік топ та өз жұмысын атқаруда.

Қауіпті індеттің таралуы бойынша Махамбет ауданы – «қызыл» аймақта.

Жұқпалы індеттің таралу жылдамдығы да күрт өсуде. Осыған орай аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында азық-түлік дүкендері, әлеуметтік нысандар, мемлекеттік мекемелерде залалсыздандыру шаралары жүргізілуде. Ауданға қарасты Есбол ауылдық округінде әр аптаның жұма күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп келеді. Атырау облыстық бас санитар дәрігерінің қаулысын негізге ала отырып, мобильдік топ та өз жұмысын атқаруда.

z

- Азық-түлік дүкендеріне тұрғындардың маскалық режиммен келуін, сатушының санитарлық талапты сақтауын тексеріп, күнделікті мобильдік топпен түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Тұрғындар арасында отбасылық іс-шаралардың өткізілмеуі, адамдардың бір жерде көп шоғырланбауы да аталған топпен бақыланып отыр. Қазіргі уақытта заң бұзушылықтар кездескен жоқ, - дейді Есбол ауылдық округінің әкімі М.Әділғалиев.

z

Облыс көлемінде короновирус індетінің өршіп тұрғаны және одан қорғану жолдары жөнінде баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталып отыр. Жергілікті атқарушы органдар да бар мүмкіндікті пайдаланып, тиісті шаралар қабылдауда.

z

- Осы ретте, хабардар етіліп отырған облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Топтық жиындардан, көпшілік жиналатын той садақа рәсімдерінен бас тартуға тура келеді. Түсіністікпен қабылдағандарыңыз жөн. Ауырып, ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов.

К.САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT