Шетелдіктердің тиісті құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және тұрып жатқан шетелдіктерді, сондай-ақ, заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында Махамбет ауданында «Заңсыз келуші - 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның төрт күнінде Махамбет ауданы бойынша 27 құқықбұзушылық анықталып, ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша - 19 тұлғаға, ӘҚБтК-нің 518-бабы "Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша - 7 тұлғаға, ӘҚБтК-нің 519-бабы "Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту" бойынша - 1 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Өз кезегінде, бөлімнің полиция қызметкерлері аталған іс-шарада шетел азаматтары және жұмыс берушілерге көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Заңсыз келуші - 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы желтоқсан айының 12-не дейін жалғасады.