Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында, ағымдағы жылдың 05-11 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.⠀
Іс-шара аясында мобильді топтар құрылып, құрамында учаскелік полиция, көші-қон қызметі, криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлері бар. Тәртіп сақшылары, атап айтқанда, пәтерлерді аралап, заңсыз жалға берілген үйлер мен пәтерлерді анықтайды, бұрын сотталған адамдар мен қару иелерін тексерді. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалап, көлікті мас күйінде немесе құқықсыз басқару фактілерін анықтау және болдырмау, сондай-ақ, жедел іс-шарасы барысында бұрын жасалған қылмыстарды ашу, ұрлықтың алдын алу, әртүрлі тыйым салынған заттарды (есірткі құралдары, атыс қаруы, жарылғыш заттар және т.б.) заңсыз сақтайтын адамдарды анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.⠀
Полиция қызметкерлері іс-шараның төрт күнінде аудан аумағында 182 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Аталған іс-шара желтоқсан айының 11-не дейін жалғасады.⠀
⠀
Өз тілшіміз