Ауданда «Түнгі қала» шарасы өтуде

Түнгі қала өміріне әуестік жасөспірімдер арасында түрлі бұзақылыққа, тіпті қылмысқа аяқ басуына себепкер болып жатады.

Түнгі қала өміріне әуестік жасөспірімдер арасында түрлі бұзақылыққа, тіпті қылмысқа аяқ басуына себепкер болып жатады.

Мұндай жағдайлардың орын алуына жол бермеу мақсатында аудандық полиция бөлімі тұрақты жұмыс жүргізеді. Ішкі істер органдарының есебіне қойылған балалар, оқитын жастар арасында профилактикалық жұмысты жүргізуге, құқық бұзушылықтар жасауға бейім жасөспірімдерді, заңға қайшы бағыттағы кәмелетке толмағандар тобын, балаларды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересек адамдарды анықтауға басты назарда болып отыр. Осы бағытта ағымдағы жылдың 3-5 желтоқсан күндері аралығында «Түнгі қала» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Мақсат – кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау және алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру. Аталған шара мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып өткізілетін болады.

Жасөспірімдер тарапынан орын алған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік ата-аналардың мойынына жүктелетінін ескертеміз.

К.ДЮШИМОВ,

аудандық полиция бөлімінің жергілікті

полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция

тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі

учаскелік полиция инспекторы,

полиция лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT