Бүгін Бақсай мәдениет үйінде Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті. Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан аудандық коалиция өкілдері кездесуді ашық форматта өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады.
Аумақтық коалиция мүшелері Биғайша Құмарова және Шынаргүл Измағамбетова жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл бастамаларын баяндады.
«Бірлік болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Сондықтан біз бірлескен жұмысқа әрқашан дайынбыз», – деді Шынаргүл Измағамбетова.
Жиын барысында «Бақсай мәдениет үйі» БПҰ төрағасы Биғайша Құмарова жергілікті басқару тиімділігін арттыру, халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту, билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтау және қоғамдық бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқылады.
Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.



