Ауданда «Пиротехника» жедел шарасы өтуде

Махамбет ауданында жаңажылдық отшашудың зиянын алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары қазірден басталды.

Әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің және ТЖД өртке қарсы қызмет бөліністерімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Мақсаты - заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық заттар мен оларды қолданылып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, жою, әкелу, әкету тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған заттарды жеткізушілерді анықтау.

Әрбір әкімшілік аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары өзінің әкімшілік аумағындағы сауда орындары мен дүкендерде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдердің сатылуын бақылауға алып, тексерілуде.

Тәртіп сақшылары  іс-шарасы кезінде сатушылардың пиротехниканы сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібін, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатқаны үшін тәртіп бұзушыларды тексереді. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда жауапкершілік көзделгені жөнінде сатушыларға осы жағдай түсіндірілуде.

Айта кету керек,өткізіліп жатырған шара 7-ші қаңтарға дейін жалғасады.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT