Ауылды қолдайтын кез келді

«Өнерпаз» мәдениет үйінде «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының Атырау облыстық өңірлік филиал төрағасының орынбасары мен бір топ облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушылармен кездесті.

-Біздің партия ауылдық жерлердегі ел ырзығын сақтауды мақсат етеді. Оның ішінде қандастардың азаматтық алуына мүмкіндік жасау, оларды қоныстандыратын облыстардың аумағын кеңейту, ауыл тұрмысын түзеу, жолдардың сапасын арттыру, орталықтандырылған ауыз сумен қамту, интернет, ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешу, отбасы және ана рөлін жоғарылатуды көздейді, - деді кездесуді ашқан«Ауыл» ХДП Атырау облыстық өңірлік филиалы төрағасының орынбасары Ж.Мұратуллин.

fu-241220

Ауыл партиясы республика бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізіп келеді. 10 желтоқсаннан бері «Ауылдан-ауылға» акциясы өз жұмысын Жылыой ауданынан бастап, Ақкиізтоғай, «Қуан» шаруа қожалығын аралап, Мақат ауданында Доссор кентінде болып, Қызылқоға ауданына жол тартты. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Өркен Қапанов, үміткер Өркен Бақтиярұлы, Қайрат Қоныс та өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Еңбек ардагері С.Жайықов үй жанынан жылыжай салғысы келетінін айтып, қандай құжаттар керек екенін, оны әрі қарай қалай дамытуға болатынын сұраса,«Тасқалиев» шаруа қожалығының жетекшісі А.Тасқалиев мал және егін шаруашылығымен айналысатынын, ауыл шаруашылығын мемлекет қолдамаса болмайтынын, өзі қожалығына карантин басталып кетіп, субсидия ала алмағанын, соны мәселе етіп көтеруді, шаруагерлерге судың бағасын көтермей, төмендетуді, үкіметтен берілетін субсидия қаражатын банкке емес, ауыл шаруашылығының сумен айналысатын филиалына аударса деген тілегін білдірді. Тұрғындар сауалдарына облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Қоныс жауап берді.

Кездесуді «Ауыл» ХДП Атырау облыстық өңірлік филиал төрағасының орынбасары Ж.Тілекқабылұлы қорытындылап, ауылдықтарды өзіне ұнаған партиясына дауыс беруге шақырды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521