Ауданда оқушылар оффлайн да, онлайн да оқиды

Короновирус инфекциясының таралуы бойынша Махамбет ауданы қызыл аймаққа енді.

Осы хабарды естіген кейбір ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қорқып, қайтадан онлаин оқу үрдісіне көшуді дұрыс деп санайтындарын айтып редакциямызға хабарласты.

- Індеттің таралу жылдамдығы күрт өскенін естіп жатырмыз. Мұндай жағдайда балаларымызды мектепке жібергіміз келмейді. Атырау қаласында ата-аналардың өтінішімен онлаин оқуға рұқсат берілуде. Бізде неге тек оффлайн оқытып жатырғанын түсінбейміз, – дейді ауыл тұрғыны К.Әбілтаева.

Оқырмандардың өтініші бойынша аудандық білім бөліміне хабарласып, мән-жайға қанықтық. Аудандық білім бөлімінің басшысы А. Сұлтанғалиеваның айтуынша, бүгіннен бастап онлайн оқытуға рұқсат берілген көрінеді.

- Кеше облыстық білім беру басқармасында осы мәселе жөнінде жиналыс болды. Жиналыста мектеп оқушыларына қашықтықтан да, мектепке келіп те оқуға рұқсат берілетіні айтылды. Яғни баласы мектепке барып оқи ма немесе қашықтықтан оқыта ма ата-ананың өзі шешеді. Ата-аналар екі оқыту форматына да өтініш жаза алады, – деді А.Бердешқызы.

"Жайық-Ақпарат"

Сурет редакция архивінен алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521