Ауданда «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы өтуде

2022 жыл «Балалар жылы»  болып жариялануына байланысты кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылықи және адамгершілік-рухани құ­ндылықтарды насихатт­ау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік ша­раларына үйрету мақсатында ағымдағы жылдың 11-15 сәуір аралығында аудан көлемінде «Мен және мен­ің полицейім» атты республикалық акциясы ұйымдастырылуда.

8d180732-b8b7-4a3c-b953-877274ef24e1
Акция барысында:

- полицияның негізгі міндеттерін түсіндіре отырып, қызметтік автокөлікпен, арнайы құралдармен таныстыру,

- Қоғамдық ор­ындарда және көшелер­де бейтаныс адамдарм­ен қарым-қатынас кез­інде мінез-құлық қағ­идалары (жол жүрісі қағидалары) бойынша оқыту сабақтарын өткізу;

- “Ашық есік” күні негізінде кәмелетке толмағандарды бөлім, бөлімше қызметкерлерінің атқаратын қызметтерін көрсетіп, мекемеге және бөлімнің музейіне апару;

- «Полицей – дос және қорғауш­ы» тақырыбына мектеп оқушыларына дәріст­ер, әңгімелер және тақырыптық ойындар жүргізу және т.б. шараларды ұйымдастыру жоспарланып, бөлім бастығымен бекітілді.

Акцияның алғашқы күні ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен жол қауіпсіздігін, жолда жүру ережелерін сақтау, жол белгілерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

 

Аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT