Махамбетте жоғалған қыз Ақтөбеден табылды

7 сәуір күні Махамбет ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, 3 сәуір күні күндізгі сағат 12:00 шамасында өзінің 18 жастағы қызы өзге бейтаныс жігітпен бірге кетіп, содан қайта оралмаған.

Полиция қызметкерлері қызды жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастырып, нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жерін Ақтөбе облысынан анықтады. Қазіргі таңда бойжеткен ата-анасына аман-есен табысталды.

Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.

Атырау облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде олармен досы, сырласы ретінде сөйлесуге кеңес береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT