Ауданда балық инспекциясы қызметкерлері марапатталды

Шілденің екінші жексенбісі – Балық шаруашылығы қызметкерлері күні болып ресми түрде бекітілген-ді.

Осы орайда Махамбет аудандық балық инспекциясы қызметкерлерін аудан әкімі Ринат Жанқылыш құттықтап, алғыс хат табыстады.

akim12721

- Балық шаруашылығы саласы Мемлекет басшысының басты назарында. Елімізде балық аулаудан балық өсіруге кезең-кезеңмен өту қалыптасуда. Бұдан бөлек, балық өсуімен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қарастырылуда. Сонымен бірге балық ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның да жұмыс ерекше. Олардың су айдынындағы балықтарды сақтау бойынша күнделікті жұмысы өз өмірлерінің тәуекелдігімен байланысты. Сіздер де еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, - деді аудан әкімі Р.Бауыржанұлы.

Аудан әкімінің алғыс хатына бөлімнің қос бірдей бас маманы, мемлекеттік инспекторлары Нәсіпгүл Бағытжанова мен Тілекші Есмұқанова, сондай-ақ бөлім қызметкерлері Дәурен Қадыров, Ақтілек Мырзағалиев, Талғат Есениязов ие болды. Жиынға қатысқан қоғамдық кеңес төрағасы С.Жайлашев, балық инспекция бөлімінің басшысы А.Кабдугалиев мерекелік лебіздерін жеткізді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT