Ауданда «Атырау-Жарық» мекемесі Наурыз тойын айрықша атап өтті

«Атырау-Жарық» АҚ Махамбет аудандық электр жүйесі мекемесі Наурыз тойын атап өтті.

Мекеме алдын киіз үй тігіліп, қазан көтерілді, бауырсақ пен наурыз көже пісірілді. Мерекелік думанды кеште тұсаукесер рәсімі жасалып, қатысушылар арқан тарту, гір тасын көтеруден сынға түсті.

Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев, ауылдық округ әкімі Руслан Әженов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Абай Закариев, кәсіпкер Еркебұлан Кенжеғалиев қонақ ретінде келіп, мерекелік лебіздерін жеткізді.

Сонымен қатар "Атырау-Жарық" бөлімшесінің ұйымдастыруымен кіші аяқ доптан жарыс өтті. Тартысқа толы өткен жарыста аудандық полиция бөлімі командасы бірінші орынды жеңіп алса, Төтенше жағдайлар бөлімі командасы екінші орынға ие болды. Үшінші орын "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Махамбет аудандық бөлімшесі командасына бұйырды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз