Махамбет ауданында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы тойланды

Табиғат ананың бусанып, тіршілік тірілетін жаңару айын махамбеттіктер сән-салтанатымен қарсы алды.

Орталық алаңда ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар, спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Мереке нышаны саналатын наурыз-көже әзірленіп, әсерлі ән мен жыр төгілді.

Ұлыстың ұлы күнін аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев елмен бірге Наурыз тойын тойлап, ақжарма тілегін жеткізді.

-Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мереке – ежелден халқымыздың бір-біріне деген риясыз ақ көңіліне, татулығы мен ынтымақ-ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелтетін ұлы күн. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып, еліміздің қуаты арта берсін. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!, - деді аудан әкімі.

Мерекеге жиналған тұрғындар ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты. Жергілікті өнерпаздар мерекені думанға бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз